Русский Сайттың толық нұсқасы

«ДСҰ кіру - Қазақстан экономикасы үшін сынақ болмақ» - Сарапшы

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1259

Дүниежүзілік сауда ұйымына ену Қазақстан экономикасы үшін едәуір сынақ болмақ. Саясаттанушы Досым Сәтпаев, тарихи оқиғаға осындай баға беріп отыр. Оның пікірінше, Қазақстан нарығында әлемдік ірі трансұлттық компанияларға жол ашылады. Ал отандық бизнес-құрылымдардың оларға қарсы тұруы қиын. Бұдан ел экономикасының дамуы тежеле ме деп қауіптенемін,- дейді сарапшы.

Досым Сәтбаев, «Тәуекелдерді бағалау тобы» институтының директоры:

Бұл қатардағы тұтынушылар үшін пайдалы. Өйткені нарық ашылып, сырттан кіретін тауар көбейеді. Олардың бағасы да белгіленген мөлшерде болады. Яғни ел тұрғындары үшін тиімді жақтары көп. Бірақ стратегиялық даму тұрғысынан алсақ, кемшін тұстары да жетерлік. Өйткені біз импортты көбейтіп, өз өндірісімізді дамытпаймыз.

Айгүл ЕРМАХАН