Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстан 2017 жылға дейін Экономикалық қызметтестік және даму ұйымы елдері үшін визасыз тәртіп орнатуы мүмкін

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1023

Қазақстан 2017 жылға дейін Экономикалық қызметтестік және даму ұйымы елдері арасында визасыз режим орнатуы мүмкін. Бұл туралы еліміздің Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысовтың Қазақстанда акредиттелген консулдармен кездесуінде әңгіме болды. Сондай-ақ жақын арада үкіметтің өткен жазда жариялаған 10 мемлекет азаматтары үшін қысқа мерзімді визасыз режим тәртібі экспериментінің қортындысы жарияланады делінген СІМ таратқан баспасөз парақшасында. Еске салсақ, мамыр айында Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Астанада халықаралық қаржы орталығын құру мақсатында Экономикалық қазметтестік және даму ұйымы елдері, БАӘ, Сингапур және Малайзия елдерінің азаматтары үшін 30 күндік визасыз сапар тәртібін қарастыратын қаулығы қол қойған-ды.

Берік ХАСЕНОВ