Русский Сайттың толық нұсқасы

Шетелдердегі террористтік ұйымдар қатарында соғысып жүрген тәжікстандықтар азаматтығынан айрылады

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1352

Шетелдердегі террористтік ұйымдар қатарында соғысып жүрген тәжікстандықтар азаматтығынан айрылады. Тәжік үкіметінің «Азаматтық туралы» заңға осындай түзету енгізу туралы ұсынысын ұлттық парламент депутаттары қолдады. Бұл туралы Eurasia Daily хабарлайды. Орта Азия азаматтарынан құралған қарулы топтардан келетін қауіп туралы өткен аптада Тәжікстан Президентінің қауіпсіздік туралы көмекшісі мәлімдеген. Елдегі қауіпсіздік қызметтерінің ақпаратынша, Ауғанстанмен шекаралас аймақтарда Тәлібтерден және Ислам мемлекетін жақтаушылардан құралған 2 мыңға жуық қарулы содыр шоғырланған. Радикалдар қатарына тіпті, Тәжікстан Ішкі істер министрлігі арнайы жасағының бұрынғы командирі Гулмурод Халимов қосылып кеткен көрінеді. Мамырдың соңында Халимов әлеуметтік желі арқылы таралған бейнематериалда тәжік билігі мұсылмандарды қудалайды деп айыптады. Сөйтіп ол, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен еңбек мигранттарын өз қатарына өтуге үндеген.

Берік ХАСЕНОВ