Русский Сайттың толық нұсқасы

Грекияның еуроаймақта қалу-қалмауына қатысты мәселеге орай неміс сарапшылары қатаң позиция ұстануда

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 990

Грекияның еуроаймақта қалу-қалмауына қатысты мәселеге орай неміс сарапшылары мен іскерлік ортасы қатаң позиция ұстануда. Бұл туралы Deutsche Welle хабарлайды. Олар жуырда Афина ұсынған кең көлемді реформа жоспарында ілгерілеу бар деп бағалағанымен, салықты көтеру керек деген ұстанымды қатаң сынға алды. Сарапшылар пікірінше, бұл шаралар Грекия экономикасының оңалуына әсер етпейді. Германияның сыртқы сауда федералды бірлестігінің басшысы Антон Бёрнердің айтуынша, «Грекияның Еуроаймақта қалуы бәлендей ешнәрсені өзгертпейді. Өйткені, бұл ел ешқашан жұмсаған қаржысына пара-пар табыс таппайды, яғни экономикасы бәсекеге мүлде қабілетсіз», - дейді Бёрнер.

Берік ХАСЕНОВ