Русский Сайттың толық нұсқасы

Пайдасыз кредиттер мәселесі Мәжіліс комитетінің отырысында талқыланды

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1359

Жаңа ақша-несиелік саясатты тиімді жүзеге асыру мақсатында, Ұлттық банктің құзыретін жандандыру көзделуде. Бұл туралы Ұлттық банк төрағасының орынбасары Қуат Қожахметов мәлім етті. Бүгін Мәжіліс комитетінде «Қазақстан Ұлттық банкі қызметі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасының танытымы өтті.

Заң жобасы Қазақстан Республикасының 4 Кодексіне және 17 заңына өзгерістер енгізуді көздейді. Заң жобаны таныстырған Ұлттық Банк өкілінің сөзіне қарағанда, қарыз алушы жеке тұлғалардың қарызының өсіп кетуін болдырмау мақсатында, заң жобасымен банктерге қарызданушы проблемасына қатысты белгілі бір мерзімді енгізу көздейді. Бұдан бөлек, тұрақсыздық айыбы, айыппұл немесе өсім көлемінің шекті мөлшері де қарастырылып отыр. Сонымен қатар, заң жобасында несие бойынша төлем жеткіліксіз болған жағдайда қарызды жабудың кезектері белгіленген. 

Қуат Қожахметов, ҚР Ұлттық банкі төрағасының орынбасары:

Заң жобада ең бірінші кезекте негізгі қарыз, екінші кезекте несие бойынша сыйақы, сосын тұрақсыздық айыппұлы, айыппұл, өсім секілді кезектер реті қарастырылып отыр. Қарызданушыларды барынша ақпараттандыру мақсатында және несиені ұсынудың ашықтығын қамту үшін, нормативтік-құқықтық актілердің тізімі айқындалған. Тізімнен бөлек, банктік қарызға, шағын несиемен байланысты түрлі комиссияларға тыйым салынады. Сонымен қатар, заң жобасында екінші деңгейлі банктердің пайдасыз активтерімен жұмыс істеудің қосымша тетіктері мен шарттарын құру көзделген.

Берік ХАСЕНОВ