Русский Сайттың толық нұсқасы

Футболдан Чили құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты

  • AstanaTV
  • 25 маусым 2015
  • 1744

Футболдан Чили құрамасы Америка кубогының жартылай финалына шықты. Ширек финалда жарыс иелері Уругвай командасын қабылдап, 1-0 есебімен жеңіске жетті. Кездесу барысында төрешіден екі бірдей сары қағаз алған шабуылшы Эдинсон Кавани алаңнан қуылды. Екінші таймның 63-ші минутында Кавани Гонсалу Харуға қол жұмсады. Бұл сәтті көзден таса жібермеген бас қазы бұзақыға қызылқағаз көрсетті. Сан басымдығына ие болған алаң иелері кездесудің аяқталуына 2 минут қалғанда есеп ашты. Алыстан мықты соққы жасаған Маурисио Исла командасына жеңіс сыйлады.

Жартылай финалда Чили құрамасы Боливия және Перу кездесуінің жеңімпазымен ақтық сын жолдамасын сарапқа салады.

Футболдан Бразилия құрамасының шабуылшысы Роберто Фирмино жаңа маусымнан бастап ағылшын премьер лигасында өнер көрсетеді. Бұған дейін Германияның "Хоффенхайм" клубында ойнаған Фирмино енді "Ливерпуль" командасының жейдесін киеді. Жуырда екі команданың басшылары өзара келісімге келді келді деп хабарлайды "Скай Спорт". Клуб пен футболшы бес жылға келісімшартқа отырды. Бұл тарнсфердің құны 25 миллион еуроны құрайды. Қазіргі уақытта Америка кубогында сынға түсіп жатқан Роберто Фирмино барзилиялықтар сапында әзірге бір гол соқты.  

Самат ҚАНАҒАТОВ