Кеше
кешкісін Алматыдағы Алатау ауданының аумағында атыс болды. Қалалық ішкі істер
департаменті таратқан мәліметтерге қарағанда, автокөліктің қосалқы бөлшектерін
саудалайтын «Жібек жолы» базарында қылмысқа күдіктілерді құрықтау операциясы
жүргізілген. Бірнеше қарақшылық шабуылға қатысы бар топтың жолын кесуге
әрекеттенген полиция жасағы қарулы қарсылыққа тап болған. Екі тараптың атысы
кезінде күдіктілердің біріне оқ тиіп, оқиға орнында қаза болды. Ал екіншісін
тәртіп сақшылары сол жерде құрықтаған. Полиция жағынан зардап шеккендер
болмапты. Қазір күштік құрылымдар, тергеу- алдын алу шараларын жалғастыруда.
Осы оқыс оқиғаны сол маңнан өтіп бара жатқан жүргіншілердің бірі телефон
камерасына түсіріп алыпты.
Ришат
АСҚАРБЕКҰЛЫ