Русский Сайттың толық нұсқасы

70 жыл бұрынғы Жеңіс шеруін өскемендіктер еске алды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 1469

Өскемен қаласының тұрғындары осыдан 70 жыл бұрын Мәскеудегі Қызыл алаңда тойланған Жеңіс шеруін атап өтті. Олар әскери техникаларды ашық аспан астына шығарып, соғыс жылдарындағы белгілі әндерді әуелетті. Жеңіс мерекесін еске салатын рухты әуендерді ұлттық гвардия оркестрі орындады. Бұл әндер сол бір сұрапыл жылдары майдан даласындағы  жауынгерлердің елге, туған-туысқа деген сағынышын басуға көмектескен-ді. Еске салайық, 1945-жылдың мамырында қабылданған капитуляциядан кейін араға бір жарым ай салып, Қызыл алаңда Жеңіс шеруі ұйымдастырылды. Салтанатты шеруді маршал Рокоссовский басқарды. Ал маршал Жуков мерекелік шараға қатысқан болатын. Жеңіс мерекесіне арналған шеруде салтанатты сапта жүріп өткен 40 мың сарбаздың арасында қазақстандықтар да болған.

Бауыржан  Әбжанов, ҚР Ұлттық гвардиясы «Шығыс» аймақтық команда беру жасағының қолбасшысы:

Дәл осы техникалармен біздің аталарымыз ұрпаққа жарқын болашақты сыйлады. Бүгін осы алаңға келген әр адам 6 жыл бойғы соғыстың қаншалықты ауыр болғанын сезінді. Әсіресе, әскери борышын өтеп жүрген біздерге, яғни сарбаздарға кешегі Жеңіс қуанышының қандай әсерлі болғанын нақ сезінуге жол ашты.

Әсем МҰХИТОВА