Русский Сайттың толық нұсқасы

Франция Джулиан Ассандж бен Эдуард Сноуденге саяси баспана беруі ықтимал

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 1480

 Франция WikiLeaks сайтының авторы Джулиан Ассандж бен АҚШ тыңшыларын әшкерелеген ЭдуАрд Сноуденге саяси баспана беруі ықтимал. Бұл ақпаратты Француз Әділет министрі Кристиан Тобирге сілтеп, CNN хабарлап отыр. Сноуден де, Ассанж да бүгінде әлемге әйгілі әшкерелегіштер. Маусымның 23-нен 24-не қараған түнде WikiLeaks сайтында Құрама штаттардың Ұлттық қауіпсіздік агенттігінің құпия құжаты жарияланды. Онда америкалық арнайы қызметтер Франция мемлекеттік қызметкерлерін, оның ішінде Францияның соңғы үш президентінің телефон әңгімесін тыңдағаны туралы деректер жазылған. Бұл жайт Париж бен Вашингтон арасында дипломатиялық жанжал туғызды. Бұл WikiLeaks жариялаған бірінші тосын құжат емес. Швецияға депортациядан бас сауғалаған Ассанждың Ұлыбританиядағы Эквадор елшілігін паналап жүргеніне екі жылға жуықтады. Оған әйел зорлау дерегі бойынша айып тағылып отыр. Ал арнайы қызметтің бұрынғы маманы ЭдуАрд Сноуден америкалық тыңшылар әлемдік лидердерді аңдығаны туралы жарияға жар салған болатын. Қазір ол Ресейге бас сауғалап жүр. Өз еліне оралса, қылмыстық жауапкершілік тартылады.

Айгүл ӘДЕПБАЙ