Русский Сайттың толық нұсқасы

В. Абрамов: ДСҰ-на кіруден Қазақстан экономикалық және саяси жағынан да ұтады

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 994

Дүниежүзілік сауда ұйымына мүшелік Қазақстан үшін қай жағынан қарастырсақ та - тиімді. Мемлекет экономикалық та, саяси тұрғыдан да ұтылмайды. Саясаттанушы Вячеслав Абрамов тарихи оқиғаға қатысты осындай пікір білдірді. Оның айтуынша, «Қазақстан ұйымға мүше болуға әуелден қамданды. Бірақ халықаралық әріптестермен еркін сауда айналымы туралы заңнама мен инвестициялық жариялылығымыз бұған мүмкіндік бермей келді. Енді әлемдік танымал тауар өндірушілердің сапалы өнімдері ел дүкендерінің сөрелерін толтырады, - деп отыр.

Вячеслав Абрамов, саясаттанушы:

Тұтынушылар үшін Дүниежүзілік сауда ұйымына кіру тиімді. Себебі әлемдік брендпен танылған өндіріушілердің сапалы әрі арзан өнімдеріне тікелей қол жеткіземіз. Бұған дейін ондай тауарлар Қазақстан нарығына келмеген еді. Ал отандық өндірушілер соларға қарап бой түзеп, тауардың сапасын арттырып, бағаны түсіруге мәжбүр болады.

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ