Русский Сайттың толық нұсқасы

Астанада журналистер арасында «Нұр Сұңқар» сыйлығын табысталды

  • AstanaTV
  • 26 маусым 2015
  • 884

Астанада журналистер арасында «Нұр Сұңқар» сыйлығын табыстау рәсiмi өттi. Бұл шара «Нұр Отан» партиясының 15 жылдығына орайластырылып отыр. Жеңiмпаздардың әрқайсысы 9 аталым бойынша марапатталып, арнайы сыйлыққа ие болды. Сонымен,»Нұр Отан» партиясының қызметiне қатысты ең үздiк материалы үшiн «Нұр Сұңқар» сыйлығын «Астана» телеарнасының меншiктi тiлшiсi Ирина Якунина иеленді. Жеңімпаздардың барлығына 1 миллион теңге көлеміндегі ақшалай сыйлық пен сұңқардың шағын мүсіні табысталды. Ең үздiк раиожурналистерге берiлетiн «Қоғам дауысы» аталымында «Орда FM» радиосының директоры Азамат Исаев пен Қазақ радиосы «Қайырлы таң» бағдарламасының редакторы Құралай Жұмахан үздiк деп танылды. «Қазақстан» телеарнасының қызметкері Еркiн Таңатқанұлы «Ерекше пікір» аталымы бойынша ең үздік телевизиялық журналист ретінде танылды. Сондай-ақ «Хабар» агенттiгiнiң басқарма төрағасы Айдос Үкiбай «Нұр Сұңқар» байқауының «Қазақстандық журналистикаға қосқан үлесі үшін» номнинациясын жеңіп алды. «Baq.kz» ақпараттық порталының бас редакторы Серғали Балажан «Медиа-профи» аталымы бойынша «Нұр-Сұңқар» сыйлығын иеленді. Ал, Жемқорлыққа қарсы күреске қатысты ең үздiк материал «31 телеарнаның»  жауапты редакторы Гүлбану Аюповаға бұйырды.

Мөлдір ДЮСЕКИНА