Русский Сайттың толық нұсқасы

Астана әуежайында Боинг 737 ұшағы өртеніп, оқу-жаттығу жиынына қатысушылар оны сөндіруге ұмтылды

  • AstanaTV
  • 29 маусым 2015
  • 1133

Әуежайдағы көліктен от шықса, не істеу керек? Төтенше жағдайлар мамандары мен құтқарушылар бүгін осындай жайтқа жаттықты. Ойдағы сценарий бойынша, Астана әуежайына Боинг 737 ұшағы апатты жағдайда қонуға мәжбүр болады. Әуе кемесі ұшып-қону жолағынан шығып кетіп, бортында өрт тұтанған. Ауқымды оқу-жаттығу өткізуге негіз жоқ емес. Жуырда Ақтау әуежайында болған апаттан соң төтенше қызмет өкілдері жоспардан тыс жаттығу өткізуді жөн деп тапқан сыңайлы.

Еске салсақ, Ақтауға қонған ұшақтан бір мезетте өрт шықты. Салдарынан 80 шаршы метр аумақты жалын шарпыды, өрт тек бір сағаттан кейін ауыздықталды. Бүгінгі жаттығуға 60 маман, 15 арнайы техника тартылды. Жаттығу барысында қызметкерлер заманауи өрт сөндіру құралдарын қолдана отыра, нақты дайындық деңгейін көрсете білді. Тек өртті сөндіріп қана қоймай, шынайы жағдайда зардап шеккендерді құтқару және эвакуациялаудың қыр-сырын пысықтауға мүмкіндік алды.

Руслан Мұқатов, «Астана халықаралық әуежайы» АҚ Басқарма төрағасының орынбасары:

Бүгінгі жаттығудың себебі осы Ақтауда болған оқиға бойынша әуежайдың қызметкерлерінің дайындығын тексеру. Бүгінгі тапсырманы 2 мин уақыттың ішінде бітірдік. Жалпы былай дайынмыз деп сенемін. Жоспар бойынша өзіміздің кестеміз бар. Айына емес жылына 2-3 рет өткізіледі.

Берік ХАСЕНОВ