Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстанның ДСҰ-на мүше болуы жолындағы келіссөз ұйым тарихындағы ең күрделі келіссөз болған

  • AstanaTV
  • 01 шілде 2015
  • 1852

Қазақстанның дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болып енуі ұйым тарихындағы ең күрделі процесс екендігімен есте қалды. Бұл туралы келіссөздер нәтижесіне арналған баспасөз мәслихатында экономикалық ықпалдастық министрі Жанар Айтжанова мәлімдеді. 19 жыл дегенде әйтеуір дүние жүзілік белді ұйым бізбен санасатын болды.

Жанар Айтжанова, ҚР Экономикалық интеграция министрі:

ДСҰ Хатшылығының, бiзбен келiссөз жүргiзген iрi мемлекеттердiң пiкiрi бойынша, ДСҰ құрылғаннан берi 1995 жылдан берi бiздiң келiссөздеріміз ең күрделi келiссөз болып табылды. Өйткенi бiз Кедендiк одақта және 2012 жылдан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа мүше болып табыламыз. Сондықтан сұрақтарымыздың жартысы ол қазір ЕАЭО комиссиясының құзырында болып табылады. Сондықтан барлық шешімдерді ЕАЭО мүше мемлекеттермен ақылдаса отырып, осы шешiмдердi қабылдадық.

Министрдің айтуынша, дүниежүзілік сауда ұйымына ену арқылы біз тек сыртқы сауда саясатын ғана жүргізбейміз. Экономика, ауыл шаруашылығы, өнеркәсiп саласындағы саясатымызды осы белді ұйымның ережелерi бойынша, солардың құқықтық базасына сай жүргiзе аламыз. Аталмыш ұйым елге құйылатын шетелдiк инвестициялар көлемiн арттыруға мүмкіндік бермек. Келіссөздер нәтижесінде Қазақстан тарапының қол жеткізген үлкен жетістігі - ауыл шаруашылығын 8,5 пайыз көлемiнде субсидиялауды жүргiзу құқығының сақталғаны. Мұндай құқық бұған дейін Қытайға ғана берілген. Сонымен қатар Жанар Айтжанова отандық өнеркәсіпті қолдау тоқтамайтынын жеткізді. Айта кетерлігі дүниежүзiлiк сауда ұйымына мүше болу үшін еліміз 50-ге тарта заңға өзгерiстер енгiзген.

Ләйлә ҚАЗИАҚПАРОВА