Бүгін
Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан
Назарбаев Премьер-министр Кәрім Мәсімовті қабылдады. Кездесуге сондай-ақ
Президенттің көмекшісі Ербол Орынбаев та қатысты. Бұл жөнінде Ақорданың
баспасөз қызметі хабарлайды. Үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Президентті «Нұрлы
жол» бағдарламасының жүзеге асырылу барысымен таныстырды. Сондай-ақ елді
индустриялық-инновациялық дамыту мемлекеттік бағдарламаларының орындалуындағы
негізгі мәселелер жөнінен хабардар етті. Мемлекет басшысының назарына
Премьер-министр Жаңғырту жөніндегі
ұлттық комиссияның бес институционалдық реформаны жүзеге асыруға бағытталған
жұмысының алдын ала қорытындыларын ұсынды.
Базаргүл
ОТЫНШИЕВА