Русский Сайттың толық нұсқасы

П.Порошенко: Ресейге қарсы санкция күшейтілсін

  • AstanaTV
  • 31 наурыз 2016
  • 1833

Ресейге қарсы санкция күшейтілсін. Украина Президенті Петр Порошенко Вашингтонда өткен Украина форумында осылай деп мәлімдеді. Бұл туралы РИА-новости хабарлайды. Порошенко: "Украинаның егемендігі қалпына келмейінше және Ресейдің әлемдік тәртіпте көзқарасы түзелмейінше, санкция күшінде қалуы керек", - деді.

Батыс елдері Қырым оқиғасы үшін, сондай-ақ Донбаста соғыс отын тұтатты деп айыптап, Ресейге санкция салған болатын. Кремль Украина президентінің мәлімдемесі негізсіз деп есептейді. Қырымың Ресейге қосылуы халықаралық құқықтық талаптарға сай өтті деп мәлімдеді.

Мөлдір БАҚЫТҚЫЗЫ