Үгіт-насихат
жұмыстарын бақылау үшін Солтүстік Қазақстан облысына халықаралық байқаушылар
барады. Бұл міндетті негізінен Ресей азаматтары атқаруға ниет білдіріп отыр. Бүгін облыстық орталық сайлау комиссиясы мүшелері БАҚ өкілдерімен
кездесті.
Комиссия төрағасы Асқар Сақыпкереевтің айтуынша, аймақта мәслихат
депутаттығына үміткерлердің саны күн санап артып келеді. Бүгінде облыс бойынша
687 азаматтың кандидатурасы ұсынылған. Оның басым бөлігі, яғни 537 адам аудандық мәслихатқа өтуге үміттеніп отыр. Жалпы, ел бойынша кандидаттарды ұсыну
науқаны ақпанның он тоғызына дейін жалғаспақ. Облыста сайлау кезінде 697 сайлау
учаскесі жұмыс істейді.
Асқар
Сақыпкереев, Солтүстік Қазақстан облысы сайлау комиссиясының төрағасы:
Мәслихатқа
бес партиядан бар өкілдері. Коммунисттерден ғана жоқ, қалғандарынан барлығы
бар. Коммунисттер әлі болады деп ойлаймыз. Ал былай тізімді айтсақ, мәжіліс
парламентін, онда біздің облыстан «Нұр Отан» да бар, «Ақ жол» да, ОСДП да бар,
біздің облыстың тұрғындары.