Русский Сайттың толық нұсқасы

Батыс Қазақстан облысы сейсмикалық қауіпті аймаққа жатқызылды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2015
  • 1794

Батыс Қазақстан мен Атырау облыстары жер сілкінісі болуы мүмкін аймақтар қатарына енгізілді. Бұл ақпаратты Батыс Қазақстан облыстық төтенше жағдайлар департаменті мамандары растады. Айта кетейік, жер асты дүмпулері алғаш рет 2008-жылы Батыс Қазақстан облысының Теректі ауданында болған еді. Жүздеген үйге зақым келіп, кейін тұрғындар қауіпсіз жерлерге көшірілген. Осыдан кейін құрылыс нысандарына қойылатын талаптарды қайта қарастыру қажеттігі туындап, өңірдің сейсмикалық картасы жасақталды. Бұл картада атап көрсетілгендей, облыстың алты ауданында жер тербелістері әлсін-әлсін белсенділік танытып тұратын сыңайлы. Мамандар бұл өзгерістерді өңірдегі мұнай-газ кеніштерінің қарқынды игерілуімен байланыстырып отыр.

Марс Отаров, БҚО ТЖД бөлім басшысы:

Алдағы уақытта жаңағы салынатын құрылыстарға, белгілі бір тәртіп бойынша сейсмобекіту жұмыстары жүргізілетін болады.Сейсмоаудандардың картасында, мына біздің облыста орын алған төтенше жағдай, яғни, жер сілкінісі мұнай-газ өндіру кен орнынан болуы мүмкін деген болжам болды.

Еркін КАРИН