Русский Сайттың толық нұсқасы

«Таблиғи-Жамағат» діни ұйымының белсендісі Алматыда сотталды

  • AstanaTV
  • 03 шілде 2015
  • 1589

Алматыда, діни сауаты жоқ азаматтарды арбауына түсіріп, санасын улап келген «Таблиғи-Жамағат» діни ұйымының белсендісі Сәкен Тулбаевқа қатысты сот үкімі шықты. Бұл туралы Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы Қуандық Ешмет ақпарат құралдарына хабарлады. Санаға шабуыл жасайтын «Таблиғи-Жамағат» діни ұйымына еліміз бойынша заңмен қатаң тыйым салынған. Десе де, ұйымға мүше азамат біраз жылдан бері үгіт-насихат жұмыстарымен айналысып, көпшілікке экстремистік сипаттағы ұрандар айтқан. Айта кетейік, сот сараптамасының қорытындысына сәйкес, Сәкен Тулбаев таратқан үнпарақтар мен кітаптардан діни алауыздықты тудыратын белгілер анықталды.

Қуандық Ешмет, Алматы қалалық сотының баспасөз хатшысы:

Бостандық ауданының №2 ші сотымен Тулбаев Сәкен Пейсенович ҚР Қылмыстық Кодексінің 174 бабы бірінші бөлігімен, 405-бабы екінші бөлігімен кінәлі деп танылып оған осы жаза ретінде 4 жыл 8 ай бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Айгүл ЕРМАХАН