Атырауда мереке соңы төтенше жағдаймен аяқталды. 6 шілде күні кешкісін орталық Исатай-Махамбет алаңында мерекелік от шашатын қондырғы істен шығып, екі адам зардап шекті.
Михаил
Хагай,
Атырау облысы ТЖД басқарма бастығы:
От шашу кезінде екі адамды
күйік шалғаны туралы хабар Төтенше жағдайлар департаментіне жергілікті уақытпен
22:32-де түсті. Қазір
алғашқы материалдар жинақталып, қалалық ІІБ жіберілді. Зардап шеккен екі
адамның бірі - ІІБ полицейі, екіншісі «БатысСервис» ЖШС пиротехнигі. Отшашу кезінде аумақ қоршалған, сондықтан өзге тұрғындар зардап
шеккен жоқ.
Орталық
алаңдағы мрамордан соғылған баспалдақ опырылып
жіберілген. Екіншісі, от шашу қызметін көрсететін ЖШС-нің 32 жастағы
қызметкері Асхат Қабдоловтың сол жақ
иығы, маңдайы мен қолын күйік шалған. Ол қазір облыстық ауруханада ем
алуда. Айтуынша, от шашатын аумақ
қоршауға алынбағандықтан, тұрғындар электр сымын басып кетіп, жалын
басталған.
Асхат Қабдолов,
зардап
шегуші:
Полиция
қызметкерлер кінәлі, олар қоршаған жоқ. Біз аумақты қоршаңдар, адамдар жүр дедік. Сол жердегі адамдар электр сымын басып кетті. Содан басталды. Менің қасымда атылды, мен жерге жата қалдым. Бірден шоқ тиіп, футболкам өртене бастады.
Мен тұра жүгіріп, футболкамды шешіп тастадым. Жедел жәрдем келе қоймады, сосын
мені достарым әкелді ауруханаға.
Дәурен Шанаев, Атырау облыстық
ауруханасы амбулаториялық хирургия бөлімінің меңгерушісі:
Термический
ожог пламенем, екінші дәрежедегі. Жалпы күйік аумағы 4-5 пайыз жағдайда.
Науқастың жағдайы қанағаттанарлық. Өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.