Русский Сайттың толық нұсқасы

Қырғызстанның вице-министрі "Эйр Астана" бортынан не себепті шығарылды

  • AstanaTV
  • 24 қыркүйек 2018
  • 2693

Ал ұшақтағы жанжалдан кейін қызметінен қуылған Қырғызстанның Еңбек және әлеуметтік даму вице-министрі мас болған. "Эйр Астана" бортында болған оқыс жағдайға қатысты бүгін компания түсініктеме берді. Баспасөз қызметі 22-ші қыркүйекте Сеул әуежайында жанжал шығарған Зууракан Каденова рейстен мас болғаны үшін, түсірілді деп хабарлайды. Экс-шенді борт қызметкерлеріне айқайлап, қоқан-лоқы көрсеткен. Шет елдегі ерсі қылығы үшін ханым қызметінен шеттетілді. Екі күн ішінде тиісті қаулыға Қырғызстанның Премьер-министрі шұғыл түрде қол қойып жіберді.

Тiлек Әбдiрақымов, «Эйр Астана» АҚ Корпоративтік коммуникациялар жөніндегі менеджері:

Сеул-Алматы бағытындағы KC 910 рейсі ұшуға әзірлік кезінде бизнес-кластағы жолаушы сұрақтарға жауап бермей, ұша алмайтын күйде екенін анық көрсетті. Қауіпсіздік мақсатында оны борттан шығару шешілді. Өз еркімен шығуға қарсылық танытқан соң, барлық жолаушылар түсіріліп, қайта мінгізілді. Салдарынан рейс 1 сағат 47 минутқа кешікті.