Шымкентте зорланған 7 жасар балаға қатысты сот отырысы басталды. Түркістан облысы Абай ауылында болған жаға ұстатарлық жағдайға қатысты процесі жабық жағдайда өтті. Сот отырысына 12 алқа би қатысады. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы Самидин Темірәлиевтің ақпарынша айыпталушы бір адам. Ол 2002 жылы туылған сол ауылдың тұрғыны. Жәбірленген бала да сотқа қатысып отыр. Кәмелет жасына толмағандықтан екеуінің де құқын адвокаттардан бөлек сенімді өкілдер де қорғамақ.
Самидин Темірәлиев, Шымкент қ. Қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық мамандандырылған сотының судьясы:
ҚР ҚК 121 бабының 4 бөлімімен қарастырылған қылмыстық құқық бұзушылық бойынша, яғни «сексуалдық сипаттағы зорлық-зомбылық әрекеттер жасағаны үшін кәмелетке жасы толмаған сотталушыға қатысты қылмыстық іс қаралып жатыр. Ол қылмыстық іс алқа билер алқасының қатысуында қаралады. Алқа билер саны 12 адам.
Еске салайық, дүйім жұртты шулатқан оқиға осы көктемде белгілі болды. Ауылда қаршадай ұлдар 7 жасар баланы бірнеше рет зорлағаны туралы ақпарат қоғам наразылығын туғызды. Қиын жағдайға тап болған баланың құқығын қорғау қоғамда қып-қызыл дауға ұласқан еді.Әу баста қылмысқа қатысы бар төрт оқушы күдікке іліккен. Оның үшеуі жәбірленушімен көрші тұрған. Қылмыстың беті ашылған тұста айыпталушы 14 жаста болатын. Бас прокуратура жасөспірімнің зорлық көргенін растады. Сараптау жұмыстарына Грузия, Ресей мен Қырғызстан елінің мамандары тартылған.
Автор: Торебеккызы А.