Русский Сайттың толық нұсқасы

2020 жылға қарай елде шетелдік банк филиалдары ашылады

  • AstanaTV
  • 26 қыркүйек 2018
  • 3703

     2020 жылға қарай елде шетелдік банктердің бөлімдері ашылады. Үш жыл бұрын Дүниежүзілік сауда ұйымына кірген Қазақстан осындай міндеттеме алған. Әзірге ешбір шетелдік банктің және де сақтандыру компанияларының Қазақстанда өкілдік ашуға рұқсаты жоқ. Шетелдіктер қаржы секторына ғана емес, телекоммуникация саласына да енуі мүмкін. Бұған дейін байланыс жүйесіне өзге елден капитал тартуға шектеулер болған.

     Ал 2020 жылға қарай ол түгелдей жойылады. Жанар Айтжанованың айтуынша, отандық банк өкілдері Қазақстан нарығына шетелдіктер келетінін біледі. Тіпті бәсекеге қабілетті болу үшін 5 жыл уақыт берілген көрінеді. Айта кетейік, ұйымға 164 ел мүше.

Жанар Айтжанова, Дүниежүзілік сауда ұйымы жанындағы Қазақстанның тұрақты өкілі:

Біз шетелдік банктермен тікелей филиалдарын, сақтаныдру компания филиалдарын ашуға рұқсат етеміз. Бұл қаржы секторында финанстық қызмет көрсету саласында бәсекелестікті арттыруға алып келеді деп сенеміз.

 Меңдеева Г.