Русский Сайттың толық нұсқасы

Державалар арасындағы сауда соғысы басқа елдерге де зардабын тигізуі мүмкін

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2018
  • 3129

Державалар арасындағы сауда-экономикалық соғыс басқа елдерге де зардабын тигізуі мүмкін. Бүгін Ақордада президентпен кездескен дүниежүзілік сауда ұйымының бас директоры Роберту Азеведу осылай деді. 2020 жылы Қазақстанда 12-ші Министрлер конференциясы өтеді. Нұрсұлтан Назарбаев ол тиісті деңгейде ұйымдастырылатынын айтты. Дүниежүзілік сауда ұйымының жетекшісі "Әлемде болып жатқан жағдайларды ескерсек, бұл маңызды шара" , деді. Сондай-ақ, тараптар соңғы кезде ұйым мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық әріптестік тереңдей түскенін бағалады. 




Г. Меңдеева