Ақышев айтса айтқандай Федералды қор бүгін доллардың пайыздық үстемесін 2-2,5 пайзыға дейін көтерді. Көк қағаз мөлшерлемесі осымен биылдыққа үшінші рет өсіп отыр. Бұған Америка экономикасының тұрақты дамуы түрті. Жұмыссыздық деңгейі төмендеген. Жаңа өндіріс орындары ашылып жатыр. Елде жылдық инфляция 2 пайыз деп хабарлайды Рейтерс. Қор басшысы Джерома Пауэлла мұны ақша-несие саясатының өзгеруіне әсер етпейді дейді. Федералды қор комитеті соңғы жиында жыл соңына дейін үстеме тағы екі рет өседі деп мәлімдеді. Бұл әлемдік қаржы нарығында қарызға берілетін доллардың пайыздық үстемақысы қымбаттай түседі дегенді білдіреді.
М. Дюсекина