Русский Сайттың толық нұсқасы

Алматы облысында цитрус жемістері өсті

  • AstanaTV
  • 27 қыркүйек 2018
  • 5814

Алматы облысында тропикалық жемістер өсіп шықты. Нұраддин Мәткәрімов Түрген ауылында анар, құрма, інжір сияқты тропикалық жемістерді еккен еді. Биыл бағбан қазақ жері үшін таңсық өсімдіктерден жеміс алып, тұтына бастады. Жазда ғана емес, қыс мезгілінде де жылыжай құрып, қызанақ, қияр сияқты көкөніс түрлерін өсіруді тоқтатпайтын 70-тегі бағбанмен Ришат Асқарбекұлы тілдесіп қайтты. 

«Инжир мен анар ішемін» деген құранда бар сүре. Бұл Алланың адамдарға жіберген жемісі. Сондықтан оны жәннатта өскен, жәннеті тәтті деген екен.

Нұриддин ақсақал "ес білгелі жерден ризығын тауып жемісін көріп" жүргенін айтады. Ширақ қимылдайтын қария баласы екеуі аумағы 5 гектар жерді толықтай игеру үшін жыл он екі ай еңбек етеді. Бағбан інжір, құрма және анар жемістерін қазақ даласына жерсіндіріп көрді. Биыл оның жемісін көріп отыр.   

Нұраддин МӘТКӘРІМОВ, БАҒБАН: 

Үйреттім, осы гранттарды осы жерге бейімдедім. Ташкентте піссе, бұл жерде де пісіп тұр. Менікі ертерек пісіп кетті. Мұны ашық жерде де егуге болады, ал теплицаға ексе отлично болады. Өнімді көп береді.

Бағбан ғалымдармен кейде келісе бермейтінін жеткізді. Айтуынша Орталық Азияда Алматы жері Кавказға ұқсас. Бұл жерде күннің түсуі аз болғанымен, жер тез қызады, оның үстіне шаң жоқ. Сондықтан цитрусты жемістердің өсуіне қолайды, дейді ол. Десе де аграрлық саланың ғалымдары аталған жеміс түрлерін жерсіндіру оңай шаура емес екенін мойындап отыр.   

Гүлфаридат АМАНҚЫЗЫ, АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ, ДОЦЕНТ: 

Біз ол фермермен танысып, жұмыс істеуге дайынбыз. Бұл біз оқу орнында даярлап жатқан мамандар үшін бір жаңалық деп ойлаймын.

Экзотикалық жемістерден бөлек зейнеткер биыл 1,5 гектар жерге қияр мен қызанақ, 1 гектар жерге қауын-қарбыз егіп, одан мол өнім алудан үмітті. Ұны өте құнды ақ жүгері, адамды жасартатын арнайы асқабақ дәндерін де жерге сіңіріпті. Енді бағбан шаруашылығын кеңейтіп, өнімдерін нарыққа шығару үшін шенеуніктерден қолдау болса, алматылықтарға жергілікті тропикалық жемістің дәмін татқызбақшы. 

Р. Асқарбекұлы