Ал, депуттар жұмыспен қамту саясатын жаңарту керек дейді. Бұған дейін қабылданған бағдарламалар мен бөлінген қаржылар нәтиже бермей отыр. Өзекті тақырып Парламенттік тыңдауында талқыланды. Ал, жұмыссыздарды еңбекке тарту үшін бөлінген қаражат тиімсіз жұмсалып, тіпті, қолды болған. Бас прокуратура өкілдері бағдарламаны іске асырудағы былықтарды әшкере етті.
Министрдің есебінше, биыл жұмыссыздар саны 4,9 пайызға азайды. Осылайша жұмыс істейтіндер 9 миллионға жеткен. Оның 68 пайызына мемлекет жалақы төлейді. 3,2 миллионы ғана бизнес саласында. Алайда, Мәжілісте құрылған арнайы уақытша комиссияның талдауы басқа. Соңғы кезде 5 бағдарлама қабылданып, соңғы 10 жылда 850 млрд теңге бөлінген. Алайда жұмыспен қамтылғандар көбеймей отырса керек.
Айгүл НҰРКИНА, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "НҰР ОТАН" ФРАКЦИЯСЫНЫҢ МҮШЕСІ:
Жұмыспен қамтылғандар саны 8,6 млнннан аспай қойды. Яғни, жұмысқа орналасу көрсеткіші артса да жұмыспен қамтудың жалпы көрсеткіштері өзгермеген.
Білім сапасы нашар, еңбек нарығында ұсыныс пен сұраныс сай емес. Депутаттар оқу орындары болашақ жұмыссыздарды әзірлеуді доғармай отыр деді.
Азат ПЕРУАШЕВ, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТЫ, "АҚ ЖОЛ" ПАРТИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:
Ал, осыны шешудің орнына меморгандар кейде өзін-өзі жұмыспен қамту, шағын несиелеу тақырыбымен әуестеніп кетті.
Ал, бұл уақытта жұмыссыздықпен күресу үшін бөлінген қаражат талан-таражға түскен, миллиардтар тиісіз жұмсалған. Бас прокуратура өкілдері былықтардың бетін ашты. Жұмыспен қамту орталығының 5 аймақтағы басшысы мен олармен бірге бюджетке қол салған полицейлер мен кәсіпкерлер де ұсталған. Ал шенеуніктер жалған есеп беріп келген.
САПАРБЕК НҰРПЕЙІСОВ, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ҚОҒАМДЫҚ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ ҚЫЗМЕТ БАСШЫСЫ:
Кәсіптік оқыту - оқытылған 81 мың жұмыссыздықтың тек 3/1 ғана жұмысқа орналасқан. Нәтижесінде 5,5 млрд теңге босқа жұмсалған. Әкімдіктер көрсеткіштерін жақсарту үшін өз есептерінде жұмысқа тұрғандар санын 16 мыңға жасанды ұлғайтқан.
Жұмыссыздардың кәсіп ашуын көздейтін бағдарлама қаражаты да оңды-солды жұмсалған. 300 адам шағын несие алған бойда кәсібін жауып, ақшаны пәтер, көлік алып, қарызын жабуға жұмсаған. Осылайша 2,5 мың жұмыс орны ашылмай қалды. Ал, кәсіпорындардың цифрландыруға өтуі жұмыссыздар санын көбейтуі мүмкін. Бірақ ол үшін арнайы жол картасын әзірлеген Үкімет оған жол бермейміз деп отыр.
Г. Меңдеева