Русский Сайттың толық нұсқасы

Ақтау тұрғындары мүлік пен жер салығына қатысты шу шығарды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 2073

Бірінші қазанға дейін мүлік салығын төлеуге асыққан ақтаулықтар берешектеріне қатысты дау көтерді. Айтуларынша, бірнеше жыл бұрын жылжымайтын мүлік пен көлікті сатып жібергендер де салық қарызы бар екенін анықтаған. Олардың аты-жөндері мемлекеттік кіріс басқармасының сайтында тұр. Алайда, аталған ведомстваның деректер базасында бұл ақпарат расталмапты. Сондықтан, ашуға булыққан тұрғындар берешектің қайдан пайда болғанын білу үшін таңсәріден ұзын-сонар кезекке тұрғандарын айтады. 

....Откуда взялись эти налоги и почему они здесь написаны, это вообще непонятно… 

Ал, мемлекеттік кірістер департаменті басшылығы мұны уәкілетті органдардың салықты тіркеудегі салғырттығынан көріп отыр. Яғни, Жол полициясы мен Техникалық хаттау бюросы салық төлемдері жайлы мәліметтерді уақытында жібермеген. 

Бахтияр ОМАРОВ, АҚТАУ ҚАЛАЛЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК КІРІСТЕР БАСҚАРМАСЫ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Иә, мұндай жағдайлар боп тұрады. Бізге салықтөлеуші қарызы жоқ екені жайлы ГАИ-ден анықтама алып келу керек. Сонда ғана біз уәкілетті органнан алған мәлімет арқылы сандарды салыстырып, салығын тексереміз. Жоқ болса, берешегін жоямыз. Қандай көлікке қай жылы төлем жасалғанын осылай анықтай аламыз.  

Д. Алимкулов