Русский Сайттың толық нұсқасы

Ошақбаев квазисектор шығыны мен банктерді субсидиялауды қысқартып, мұғалімдер жалқысын көтеруді ұсынды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 3762

Иә, бюджеттік салада жалақыны қалай көтеруге болады? Квазимемлекеттік сектор шығыны мен банктерді субсидиялауды қысқартып, мұғалімдер жалақысын өсіру керек. Парламенттік тыңдауда Біртановтың экс-оппаненті Рахым Ошақбаев осындай ұсыныс айтты. 

Рахым ОШАҚБАЕВ, "ТАЛАП" ҚОЛДАНБАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕР ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: 

Почему бы например, не повысить зарплату педагогов до средней по экономике за счет сокращения расходов на квазигооссектор и субсидирование банков и бизнеса.

Қазір мұғалімдердің орташа айлығы 104 мың теңге. Ал, денсаулық, әлеуметтік сала мамандарының табысы 108 мың теңге. Бұл орташа жалақыдан төмен. Ұлттық экономика министрінің дерегінше, биылғы қаңтар-маусым аралығындағы орташа айлық 157 мың теңгені құрайды. Ал, сарапшылар зерттеуіне сенсек, бейресми жұмыс істейтіндердің көбі жастар. 50 мың теңге айлық алатындар үшін 100 мың теңгелік жалақы - арман ғана. 

Мұхтар ТІНЕКЕЕВ, КӘСІПОДАҚТАР ФЕДЕРАЦИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: 

Моногородах люди мечтают о зарплате 100 тысяч тенге. А где вы берете зарплату 160 тысяч по стране? Не известно.

Г. Меңдеева