Русский Сайттың толық нұсқасы

Бүгін еліміз бойынша «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары анықталды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 2076

Бүгін еліміз бойынша «Үздік әлеуметтік жобалар» байқауының жеңімпаздары анықталды. Әр аймақтан озып шыққан 55 қатысушы республикалық жарыста бақ сынады. Биылғы байқауға «Нұр Отан» партиясы да қолдау білдіріп отыр. Партия төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев бұл шара әлеуметтік қолдауды қажет ететін жандардың шығармашылық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді,- дейді. 

Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:

Қазақстанда осы салада жұмыс істеп жүрген жүздеген, мыңдаған оғамдық ұйымдар, жеке азаматтар бар.Оларды қолдау, олардың жұмысына мүмкіндік жасап беру барлық мемл. органдардың, кәсіпкерлердің саяси партиялардың жауапкершілігі деп қабылдаймыз. Сол себептен біздің партиямыз дәстүрлі байқауға биыл қатысып, байқау биыл жаңа деңгейге көтерілді деп айтуға толық негіз бар.

Байқау қорытындысы бойынша бас жүлде «зейнеткерлерге тегін түскі ас» жобасының авторы Рәсима Темірбаеваға бұйырды. Осымен 3-ші жыл қайырымдылық іспен айналысып жүрген ерікті 3 млн теңгеге ие болды. Ол бұл қаражат арқылы алдағы уақытта мұқтаж жандарға да жәрдем беруге ниетті.  

Рәсима ТЕМІРБАЕВА, РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ҮЗДІК ӘЛЕУМЕТТІК ЖОБАЛАР» БАЙҚАУЫНЫҢ ЖЕҢІМПАЗЫ:  

Мен барлықтарыңызға рахмет айтқым келеді. Осы 3 жылда «Нұр Отан» партиясы өте маңызды қолдау көрсетіп келеді. Біздің жобамызды қолдап, осындай салтанатта марапаттап, жеңіс сыйлағанына алғысым шексіз. Өйткені, осындай көмектің көрсетілуі біз үшін аса маңызды.

      

А. Бектас