Русский Сайттың толық нұсқасы

Қазақстандағы қос аудан аты қазақшаға ауыстырылады

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 3347

Елде екі ауданның атауы ауысты. Бұдан былай шығыстағы Зырян ауданы «Алтын Алтай», ал, батыстағы Зеленов «Бәйтерек» болып өзгереді.

Зырян қаласының өзі Алтай деп аталады. Жергілікті қоғамдық кеңес мүшелері осындай байламға келді. Ал, Батыс Қазақстан облысындағы Зеленов ауданына қарасты 22 ауылдық округ халқы елдімекенді Бәйтерек деп қазақшалауды қуаттап отыр. Бұл шешімді облыстық мәслихат депутаттары да мақұлдады. Енді ұсыныс республикалық ономастикалық комиссияның қарауына жіберілмек. 

Д. Алимкулов