Русский Сайттың толық нұсқасы

Көш көлікті болсын: елден кетіп жатқандар кімдер?

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 3406

Көші-қон мәселесіне келсек. Былтыр елден кеткендер саны 37 мың адамнан асқан. Бұл 2016 жылмен салыстырғанда 8 пайызға артық. Ал, одан бір жыл бұрын көрсеткіш екі есеге аз болатын. Мамандар соңғы үш жылда елде экономикалық ақуалдың күрделенгенін айтып отыр. Бұл халықтың әл-ауқатына да әсер етеді. Қазақстаннан қоныс аударғысы келетіндермен Ришат Асқарбекұлы сұқбатасып, мәселенің мән-жайын анықтауға тырысқан. 

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ: 

Соңғы жалдары Қазақстаннан өзге елдерге қоныс аудару үрдісі белең алып отыр, дейді мамандар. Биылғы жарты жылдықта 13 мың адам шегара асқан. Бұл өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 17 пайызға артық.

Этникалық орыс Александр Стоцкий өткен жылдан бері тарихи отанына қоныс аудару үшін құжаттар рәсімдеп жүр. Енді бір айдан соң ол көші-қон комитетінен тиісті рұқсатын алмақ. Заң бойынша сосын бір аптадан кешікпей ел аумағынан шығып кетуге міндетті.

Александр СТОЦКИЙ, СҚО ТҰРҒЫНЫ:

Кетуімнің себебі Ресейде маған өмір сүруге мүмкіндік жақсы болып көрінеді. Мен бұл елді жамандамаймын. Балаларымның болашағына алаңдаулымын. Оларды мұнда келешекте мемлекеттік қызметке де алмайтын болады.  

Ал, британиялық Крис Трикеет Алматыда 10 жылдан бері өмір сүреді. Александр Стоцкий сияқты емес, керісінше Қазақстаннан «шыққым келмейді» дейді. Тіпті дамыған батыс мемлекетіндегі жайлы өмірін тастап, Алматыға келгеніне өкінбейді. Ағылшын тілінен курс ашып, өз тұрмысына жететін табыс та тауып отырмын дейді.  

Крис ТРИКЕЕТ, ҰЛЫБРИТАНИЯ АЗАМАТЫ:

Адамдар ойлайды. Англияда, Америкада ақша көп, ол жақта бәрі жақсы деп. Бірақ, онда өмір сүру қымбатырақ. Англия 30 жыл, Бішкекте 1 жыл, Египетте үш жыл тұрдым. Бірақ, Қазақстаннан шыққым келмейді.  

Шетел асып жатқандардың этникалық құрамына көз салсақ, былтыр елден көшкен 37 мың отандасымыздың 72, 3 пайызы- орыстар; екінші орында украиндар- 6,6 пайыз; ал үшінші орында қазақтар. Олардың үлесі 3,8 пайыз. Қазақтардың көбі Еуропа, АҚШ сияқты дамыған мемлекеттерге кеткен.  

Ришат АСҚАРБЕКҰЛЫ:

Соңғы бес жылда Қазақстанға қоныс аударатын қандастардың көші қоны саябырсыды Ал керісінше Ресейде бұл процесс күшейе түскен. Бұл елде енді орыстар көп қоныстанған аймақтардан тыс ұлттық автономиялық аумақтарға да, мысалы Солтүстік Кавказға қоныстану бағдарламасы енгізілген. Көші-қон мәселесіне «Біздің уақыт» ақапарттық-сараптамылық бағдарламасында кеңінен тоқталамыз. Ертең 20.00-де өткізіп аламаңыз.

Р. Асқарбекұлы