Русский Сайттың толық нұсқасы

Чили құрылысшыларына күйзелістен арылып, шаршауын басу үшін барабан соғу ұсынылды

  • AstanaTV
  • 28 қыркүйек 2018
  • 2180

Мүмкін, бізге де барабан көмектесер. Барабан соқ та - стрессті бас. Чили құрылысшылары психологиялық күйзелістен арылудың тәсілін тапты. Ерекше терапияны музыкант Педро Грин жүргізеді. Оның пікірінше, музыканың адамды жағымсыз эмоциялардан арылтуға септігі өте күшті. Сондықтан құрылысшылар күніне бір рет ұйымдасқан түрде барабанда ойнап тұрады. Жұмысшылар осындай «терапия» бір ай ішінде өздерінің психологиялық көңіл-күйі мен ұжымдағы жағдайды әлдеқайда жақсартқанын байқаған. Чилилік музыканттың бұл жобасы «Жанға жайлы Барабан» деп аталады. Педро Грин өзге де қалаларда болып, жұмыстан шаршап, жабығып жүрген жандардың жанын жадыратып, көңілін көтеруге септесіп жүр. 

Біздің жұмыста мұндай амал қатты қажет. Бұл психологиялық және ойдың шаршауын басады. Көп адамға мұның пайдасы зор.

А. Төребекқызы