Ресейдегі губернаторлар сайлауында билік партиясы «Единая Россия» бірнеше аймақта жеңіліп, «қызық» болған. Сарапшылар сайлаушылар, яғни халық бір өзгерістер болғанын қалайтынын көрсетті, деп отыр. Үміткерлері жеңген КПРФ, «Справедливая Россия» партиялары сол «Единая Россияның» филиалдары сияқты екенін білсе де. Оның үстіне Ресей билігі зейнеткерлік жасын өзгертіп жатыр. Әйелдер 60 жаста, ер кісілер 65 жаста деп. Соған сәйкес, адамдар наразылық білдіріп, митингілерге шықты да. Плакаттардың арасында ер кісілердің ұзақ өмір сүрмейтіні туралы да жазылған. Ресей демекші, Ресейдің әскери ұшағын Сирия әскерилері атып түсіріп, бірақ Мәскеудің «бұл трагедия Израильдің кесірінен, олар Сирия әуесінде екенінен уақытылы хабардар етпеді, тіпті біздің ұшақты қалқан қылды» деп, мәлімдеме таратқаны мәлім. Сирияға кезінде С 300 зымыран кешенін Израильдің сұрауымен ақшасы төленіп қойса да, сатпап едік, деп, былтыр Түркияға қарата айтқан «жон арқадан қадалған қанжар» дегенге келетін сөздерді төпелетіп жатыр. Сөз ғана айтып жатқан жоқ, С 300-ді Сирияға жеткізуді бастады. Оны Сыртқы істер министрі Лавров хабарлады.
Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Бұл аймақта елдердің мүдделері әр түрлі. Америка мен Еуропа бір бөлек, Ресей мен оның санаулы одақтастары бір бөлек. Олардың өз іштерінде де толықтай келісім бар деп айта алмаймыз. Мысалы, Иран мен Түркия арасында, Иран мен Ресей арасында. Сириядағы шиеленістің ұзаққа баратынын, екіншіден, Ресейдің бұл соғысқа кетіп жатқан қаражаттары, мүмкіндіктерін шектейді. Оқшаулануға кетіп бара жатқан Ресейдің форваторында Қазақстанда қала берсе, бұл қаншалықты біздің экономикалық, саяси, қаржылық мүдделерімізге сәйкес келеді. Оның қазірдің өзінде Қазақстанға салмағы түсіп жатыр. Санкциялар арқылы. Теңгенің бағамы дегендей.
Тағы бір деталь – «Ресейдің әскери барлауында жүріп Британияға қызмет еткен Скрипаль мен оның қызын улады» деген адамдар кәдімгі қарапайым азаматтар» деп, екі ер кісіні көрсеткен Мәскеуге Британия жауап берді. «Руслан Боширов» деген бірінің Ресей әскери барлау қызметінің полковнигі Анатолий Чепига екенін айтса, «Александр Петров» дегеннің кім екенін жақында жариялайтындарын хабарлады. Олар Солсбериге «сондағы әлемгі белгілі шіркеуді көруге арнайы бардық» деп, ақыл-есі дұрыс адамдардың күлкісін келтірген.
Расул ЖҰМАЛЫ, САЯСАТТАНУШЫ:
Бүкіл әлемді алдағысы келді. Бірақ қазір Британия бұлтартпас дәлелдер келтірді. Одақтастары қосылып отыр. Ресейдің ақпараты өтірік екеніне көзі жетті. Қазақстан ойлануы керек. Ақпараттық кеңістігінде Ресейді ойқастатып қою, ақпараттық, ұлттық қауіпсіздігімізге қаншалықты сәйкес екенін. Скрипальдің ісі дәлелденгеннен кейін Ресейге қосымша санкциялар салынатыны анық. Жағдайын қиындататыны белгілі. АҚШ пен Еуропа елдерінің әлемдік экономикадағы үлесі 50 процент, жартысын алады. Ресейдікі 1,5 процент. Ресей мұндайға төтеп бере алмайтыны анық...