Русский Сайттың толық нұсқасы

Индонезия Президентіне Мемлекет басшысы жеделхат жолдады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2018
  • 3294

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия Республикасының Президенті Джоко Видодоға көңіл айту жеделхатын жолдады. Бұл жөнінде Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды. президент Индонезияның Сулавеси аралында болған жер сілкінісі мен цунами салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны және зардап шеккені туралы хабарды үлкен күйзеліспен қабылдағанын айтқан.  

Нұрсұлтан НАЗАРБАЕВ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:  

«Достас Индонезия халқының орны толмас қайғысына ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өзімнің атымнан Сізге және апат құрбандарының отбасылары мен туыстарына көңіл айтамын. Зардап шеккендердің тезірек сауығып, отбасыларына оралуына тілектестік білдіремін».