Русский Сайттың толық нұсқасы

Мұғалімдерді жұмысқа электронды жүйе арқылы қабылдау қажет

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2018
  • 3137

Мұғалімдерді жұмысқа электронды жүйе арқылы қабылдау қажет. Білім саласындағы жемқорлықтың түбіріне балта шабамыз десек, күресті кадр қабылдаудан бастау қажет. Бүгін Шымкентте 1300 білім беру ұйымы басшыларының басын қосқан жиында сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік басшылары осы мәселені көтерді. Мектептер мен балабақшалардағы кадр мәселесін шешуді директордың қолына беріп қоя салудың соңы белгілі дейді олар.

Ғалым ТҰРСЫНБАЕВ,  ҚР МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӘНЕ СЖҚІҚ АГЕНТТІГІНІҢ ОБЛЫСТЫҚ ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫ:  

Мектептің директоры тек қана білім берумен айналысу керек та. Ол басқа мәселелерге шаруашылық, кадр мәселелеріне бас қатырмауы керек. Сонда менің ойымша осы жемқорлық тәуекелдері азаяды білім саласында. Қажет болатын болса заңнаманы да өзгертуіміз керек. Қажет болатын болса ұйымдастыру шараларын да өзгертуіміз керек, сонда нәтиже шығатын шығар.    

Түркістан облысында сегіз айда бес мектеп директоры мен бір балабақша меңгерушісі парамен ұсталған. Ал, мемлекет қаржысын жымқыру анағұрлым өскен. 2016 жылы 46 млн теңге, былтыр 57 млн теңге құлқынға құйылған. Ал, биыл сегіз айдың өзінде 46 млн теңге жымқырылғаны анықталып отыр.  

А. Төребекқызы