Елдегі 538 мектепте асхана жоқ. Ал, 14 жасқа дейінгі әрбір 5-ші жеткіншек семіздікке шалдыққан. «Мектеп асханасы» партиялық жобасын талқылау кезінде «Нұр Отан» партиясы төрағасының бірінші орынбасары Мәулен Әшімбаев осылай деді. Мәселеге алаңдаған партия «Мектеп асханасы» пилоттық жобасын іске қосты. Партиялық жобаның аясында заманауи құрылғылармен жабдықталған мектеп асханасымен Диана Сапарқызы танысып қайтты.
Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Астаналық мектеп асханаларында ас дайындайтын жаңада құрылғы пайда болды. Жоба жетекшілерінің айтуынша, бұл ас мəзірін сапалы дайындайтын таптырмас жабдық. Әр мектепті бұндай құрылғылармен қамтамасыз ету үшін шамамен 10 млн теңге кетеді. Бұндағы мəзір білім басқармасымен бекітілген.
Партиялық жоба аясында нұротандықтар көптеген мектептердің әлемдік талаптарға сай қызмет көрсетуін қолға алып отыр. Соның ішінде Астанадағы 83 мектепті атап өткен жөн. Білім ұясының асханасы оқушыларға сапалы, денсаулыққа пайдалы ас мәзірін ұсынып отыр.Тамақты бумен дайындайтын арнайы құрылғы арқылы пісіреді.
Алтыншаш ҚАНАПИЯҚЫЗЫ, МЕКТЕП АСХАНАСЫНЫҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Бізге паракондитомат қойып жат. Бізге оның пайдасы өте зор. Біз екі сағат дайындап тұратын болсақ, қазір паракондитоматпен біз жарты сағат дайындаймыз. Оған программасын қоямыз. Ол жерде бүкіл витаминдер сақталады. Ол парда дайындалады. Ешқанджай жар ештеңе қосылмайды.
Елордалық 1-4 сынып оқушылар тегін тамақтана ала алады. Ал қалған оқушылар 300 теңгеге қарын тойдыра алады. Балық еті ас мәзірінен түспейді.
Іңкәр, ОҚУШЫ:
Мен осы мектепте бір ай оқып жүрмін. Бір ретте бір тағам қайталанған жоқ. Менің ойымша, бұл мектептегі тамақ, менің ескі мектептегінен дәмдірек.
Мадияр, ОҚУШЫ:
Көбінесе мен соски в тесте аламын. Өйткені ол ең арзаны 10 теңгеден ғана тұрады. Соның екеуін алып аламын 200 теңгеге.
Нұротандықтардың ақпарынша, елдің 5 өңіріндегі мектептер асханамен толық қаматамсыз етілмеген. Оның ішінде Түркістан мен Жамбыл облыстарындағы білім ошақтарының 11 пайызы асханасыз. Алматы облысы мен Қостанайда 13 пайызы қамтылмаған. Ал, Қарағанды облысы асхана тапшылығы бойынша көш бастап тұр.
Мәулен ӘШІМБАЕВ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ ТӨРАҒАСЫНЫҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ:
Ел бойынша 538 мектеп асханамен қамтамасыз етілмеген. Екіншіден, тамақтану мәдениеті мәселесі де бар. Жас ұрпақ-еліміздің болшағы. Балалардың дұрыс тамақтануы ол өте маңызды. Осыған байланысты барлығымыз жұмылып, жүйелі түрде қарқынды жұмыс жасауымыз қажет.
Жандарбек БЕКШИН, ҚР ДСМ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ КОМИТЕТІНІҢ ТӨРАҒАСЫ:
Қазіргі таңда бізде мектептердің 84 пайызында ыстық тамақ беріледі. 10 пайызға жуық мектептерде буфет арқылы тағам беріледі. Қазір мәселе қозғап отырмыз. 300-ден астам малокомлектный мектептер оларда тамақтану мәселесі ұйымдастарылған жоқ. Әрине, бұл өте өзекті мәселе.
Мектеп асханалдарындағы кемшіліктерді жою үшін партия аталған жоба аясында тамақтандырудың біріңғай стандартын енгізуді ұсынды. Сондай-ақ нұротандықтар мектептердегі тамақтандыру стандарты бойынша бақылауды күшейтпек.
Д. Сапарқызы