Тобыл өңірінде тұмауға қарсы екпенің жетіспеуі вакцина алатындар санының 57 мың адамға артуымен байланысты. Сондықтан, екпе алуға бюджеттен қосымша 5 миллион теңге бөлінді. Жергілікті мамандар осылай деп отыр. Әр дозаның құны 859 теңге. Бүгін аймақта тұмауға қарсы вакцинациялау басталды. Алайда, әлі 6 мыңдай доза жеткіліксіз.
Гүлім ДОСЫМОВА, ҚОСТАНАЙ ОБЛЫСТЫҚ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚТЫ ҚОРҒАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БӨЛІМ ЖЕТЕКШІСІ:
Кешікпейміз деп мен ойлаймын. Қосымша вакцина екі аптаның ішінде осы сұрақ шешіледі. 5600 доза вакцина қосымша алынады.
З. Санай