Русский Сайттың толық нұсқасы

«Қара археологтар» заңмен жазаланады

  • AstanaTV
  • 01 қазан 2018
  • 2376

Түркістан қаласының архититектуралық кескін-келбеті өзгермейді. Көне шаһар облыс орталығы болғанына қарамастан, онда көп қабатты үйлер салынбайды. Министр Арыстанбек Мұхамедиұлы депутаттар сауалына осылай деп жауап берді. Мәжілісте «Тархи-мәдени мұра обьектілерін қорғау және пайлалану» туралы заң жобасы таныстырылды. Түркістан қаласы маңынан 88 гектар аумақ арнайы бөлінген. Биік ғимараттар тек сол жерде бой көтереді. Ал, шаһардағы өзге нысандар «Қожа Ахмет Яссауи» кесенесінен биік болмауы тиіс.

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ: 

«Ахмет Яссауидың» қасында 7 қабатты қонақ үй саламыз дегенде біз министрлік 4 жыл шығар аянбай еңбек етіп, сол қонақ үй 2 қабатты болып қана қалды.

Заң жобасында киелі орындарың ортақ тізімі жасалатыны айтылды. Бүгінде елде 25 мың тарихи-мәдени мұра обьектілері бар. Бірақ, көбісі күтімсіз. Бұдан былай, «Киелі Қазақстан» жобасы бойынша лайықты нысандар арнайы тізімге енгізіледі. Олар мемлекеттің қорғауында болмақ. Ал, қазба жұмыстарын бастап, аяқсыз қалдырған немесе жәдігерлерді қолды еткен «қара археолгтар» заңмен жазаланады.  

Арыстанбек МҰХАМЕДИҰЛЫ, ҚР МӘДЕНИЕТ ЖӘНЕ СПОРТ МИНИСТРІ:  

Ресей заңнамасында заңсыз археологиялық ізденістерді жүргізу, археологиялық заттарды жымқыру, артефактілерді мемлекетке өткізуден жалтару және басқа үшін «қара археологияға» қарсы тұру шаралары енгізілген. Яғни, қылмыстық жауапкершілік қарастырылған.   

М. Дюсекина