Русский Сайттың толық нұсқасы

Ресей Қазақстанның экспортқа асырған бір топ тауарын кері қайтарды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2018
  • 1900

«Картоп пен қауынды шекарадан кері қайтарған Ресейге қарымта жауап қайтарылады». Ауыл шаруашылығы вице-министрі Арман Евниев брифингте осылай деп мәлімдеді. Жақында «Россельхознадзор» корпорациясы кортоп және қауын тиеген үш жүк көлігін тізімде жоқ деп кері қайтарып жіберген еді. Онда 20 тонналық өнім болған. Ресей тарапы өндірушілердің экспорттаушылар тізімінде жоқ екенін сылтау еткен. Қазақстандық шенеунік өсімдік өнімінің реестрі енгізу қарастырылмағанын айтып отыр.  

Арман ЕВНИЕВ, ҚР АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: 

Бұл екі жақты келісімге қарсы келіп тұр. Олар айтқан тізім меморандумда атымен жоқ. Бұл негізгі норманы бұзу болып табылады. Ондай болатын болса, біз де қолдан тізім жасап алайық. Қазір осы жайт бойынша келіссөздер жүріп жатыр. 

Жақында Ауыл шаруашылығы министрлігі Ресеймен ет экспортына қатысты дауласқан еді. Вице-министрдің айтуынша, тараптар электронды сертификаттаумен жұмыс істеуге келіскен. Демек, отандық ет өнімдерінің экспортына шектеу енгізілмейді.