Русский Сайттың толық нұсқасы

Керекуде 8 үй жылудан ажыратылды

  • AstanaTV
  • 02 қазан 2018
  • 2070

Керекуде жетпіске жуық отбасы жылудан ажыратылды. Жылуға жауапты мекеме «Алюминстрой» шағын ауданындағы екі қабатты 8 ескі үйдің жылу құбырларын кесіп тастаған. Тұрғындар «Жылу желілерінен» келген мамандар өздерін таныстырғанмен, мән-жайды түсіндірмеді деп отыр. Айтуларынша, еш ескертусіз келген қызметкерлер бір сәтте 8 үйдің құбырын кесіп кеткен. Жылуға жауапты мекеме болса, бәрі заңға сай жасалғанын айтады. Тексере келе Қамзин, Циолковский, Ломов және Раскова көшесіндегі 8 үйдің тұрғындары жылуға өз еркімен қосылғанын анықтапты. Сондай-ақ, бұл үйлер ешбір пәтер иелері кооперативіне қарамайтынын айтты.  

Индира ЛЯТИНА, «ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТІНІҢ ӨКІЛІ: 

Егер, өз бетімен жылу жүйесіне қосылып алған тұрғындар тым құрығанда ең маңызды деген іс-шараларды жүргізбесе, атап айтқанда, опрессовканы жасамаса, дроссельді құрылғыларды орнатпаса, мұндай үйлерді жылу желілерінің мамандары кесіп тастайды.  

А. Мұхитова