Русский Сайттың толық нұсқасы

Сарыағашта тағы бір бала зорлығы әшкере болды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2018
  • 3214

Түркістан облысында зорланған жасөспірімнің ісін ішкі істер департаментінің басшылығы жеке бақылауына алды. Даулы жағдай тағы да Сарыағаш ауданында тіркеліп отыр. Полицияға 13 жасар оқушының туысы арызданған. Ол арызда жиеніне сол мектепте бірге оқитын ағайынды екі жасөспірімнің сексуалды сипаттағы әрекеттер жасап келгенін айтқан. Бұл жағдай Жылға ауылындағы №12 С. Сейфуллин атындағы мектеп-интернатта болған көрінеді. Ағайынды екеудің біреуінің жасы жәбір көрген баламен шамалас. Шағымданушы бұл сұмдық өткен оқу жылында үздіксіз жалғасқанын айтқан. Тек, шындықтың беті зорланды деген оқушының жалаңаш бейнесі телефон арқылы тарап кеткеннен соң ғана ашылып отыр.  

Салтанат ҚАРАКӨЗОВА, ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ІІД РЕСМИ ӨКІЛІ: 

Бұл жайт Сарыағаш АІІБ СДТБТ-не тіркелді. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 121-бабы бойынша, ол «сексуалды сипаттағы іс-әрекеттер», сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптамалар тағайындалды. Қазір осы болған оқиғаның барлық мән-жайы полицейлермен анықталуда. 

А. Төребекқызы