Науқастың басынан тепкен дәрігер тергеуге алынды. Астана полицейлері осылай деп отыр. Ашуға бой алдырған ақ халатты қызметімен де қош айтыспақ. Дегенмен, Орталық теміржол ауруханасының бас дәрігері медицина мекемелеріндегі күзетті күшейтуді ұсынып отыр. Диана Сапарқызы тарқатады.
Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Науқас түнде мас күйінде бас жарақатымен ауруханаға түскен. Дәрігерлер басын таңып, үйіне қайтарған. Алайда, науқас телефонын ауруханада қалдырып кеткенін айтып, оны қайтаруды талап етеді. Науқас өзін дөрекі ұстап, медицина қызметкерлерін балағаттаған. Бас дәрігердің айтуынша, алғаш болып науқас кезекші 26 жасар дәрігерге қол жұмсаған. Ашуға берілген ақ халатты да қарап қалмаса керек.
Сергей ДЁМОЧКИН, АСТАНА ҚАЛАСЫ ОРТАЛЫҚ ТЕМІРЖОЛ АУРУХАНАСЫНЫҢ БАС ДӘРІГЕРІ:
Дәрігердің әрекетін еш ақтамаймыз. Толық қызметтік тексеруден кейін оны қызметінен босатамыз. Алайда мас күйінде келетін нақастардың бұндай қылығына жиі ұшыраймыз. 28 қыркүйекте мас науқас күзетшімізді ұрып, медбикеміздің жағын сындырды.
Ілеуметтік желіні шулатқан дәрігер қылығына қатысты Денсаулық сақтау вице-министрі өз пікірін білдірді.
Алексей ЦОЙ ДЕНУЛЫҚ САҚТАУ МИНИСТРІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ:
Оқиғаның мән-жайын анықтау үшін кешенді түрде тексеру қажет. Әрине, дәрігерлік этикалық тұрғысынан алатын болсақ дұрыс емес. Науқастар әртүрлі болады. Көріп отырғанымыздай бұл жағдай ушығып кетті. Алдағы уақытта тергеу амалдарынан кейін бағасын беретін боламыз.
Әлия БАКИМБАЕВА , АСТАНА ҚАЛАСЫ ІІД БАСПАСӨЗ ҚЫЗМЕТКЕРІ:
Аталған факті бойынша ҚР Қылмыстық Кодексінің 293 бабы бойынша сотқа дейінгі тереп тексеру амалдары жүргізілуде. Оқиғаның қатысушылары Сарыарқа ауданы ішкі істер басқарамасына жеткізілді.
Диана САПАРҚЫЗЫ, ТІЛШІ:
Қылмыстық кодекстің бұл бабы - бұзақылық. Дәл осы бапқа сүйенсек, күдікті 3-тен 7 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін. Ішкі істер департаменті тергеу амалдарының қорытындысын жақында жария етпек.
Д. Сапарқызы