Русский Сайттың толық нұсқасы

Ұлыбритания 27 жыл ішінде Қазақстан экономикасына 13 млрд доллар құйды

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2018
  • 3296

Қазақстанмен әріптестік орнатқан Ұлыбритания соңғы 27 жылда ел экономикасына 13 млрд доллар инвестиция құйған. Ал, Қазақстан капиталы мен жаңа технологиясымен келетін шетелдіктер үшін барлық жағдай жасамақ. Лондонда өткен инвестициялық форумда Премьер-министрдің орынбасары Асқар Жұмағалиев осылай деді. Британдық кәсіпкерлер «Астана» қаржы орталығындағы арнайы салық тәртібіне қызығып отырғандарын жасырмады. Айта кетейік, былтыр екі ел арасындағы тауар айналым 1 миллиард доллардан асқан.