Русский Сайттың толық нұсқасы

Аурухана, мектеп және әскери мекемелерде «демпинг» болмауы керек

  • AstanaTV
  • 03 қазан 2018
  • 2646

Мектеп пен ауруханаларда  «демпинг» бағамен сатып алынған тамақтар сапасыз. Мәжіліс отырысында Нұрлан Нығматулин осындай сын айтты. Онда Мемлекеттік сатып алуға қатысты заң жобасын талқыланған болатын. Төменгі палата төрағасы әскери мекемелерде демпингке жол бермеу керек деп отыр. Тіпті тамақ сапасын арттыру үшін бұл мекемелерді «Мемлекеттік сатып алу» туралы заңының тізімінен шығаруды ұсынды.  

Нұрлан НЫҒМАТУЛИН, ҚР ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: 

«Демпинг»  бағамен алынған тамақтарда ешқандай сапа жоқ. Ертең әскери мекемелерде осындай жағдай болуы мүмкін. Жаңа айтқандай осы мекемелерде мектептерде, ауруханаларда, әскери орындарда ешқашан  «демпинг»  бағаны қолдануға болмайды!   

Ал, Қаржы министрі Әлихан Смайылов сапаға келгенде тиісті талаптарды нақтылайтынын жеткізді. 

Әлихан СМАЙЫЛОВ, ҚР ҚАРЖЫ МИНИСТРІ: 

Тамақтандыру кезінде барлық тиісті сапаға қатысты стандарттар, талаптар сақталуы керек. Сондықтан осыған байланысты біз тиісті нормаларды көздеп отырмыз.

А. Бектас