Русский Сайттың толық нұсқасы

Шығыс Қазақстан облысы Үлкен Нарын ауылында анасы мен екі баласы қатігездікпен өлтірілген

  • AstanaTV
  • 11 тамыз 2017
  • 5486

Шығыс Қазақстан облысының полицейлері жантүршігерлік оқиғаны тергеуге кірісті. Өлкедегі Қатонқарағай ауданына қарасты Үлкен Нарын ауылындағы үйлердің бірінен 34 жастағы әйел мен екі баланың денесі табылған.

Қандықол қылмыскерлердің қолынан қаза тапқан жасөспірімнің үлкені он жаста, ал  кішісі - бір жасқа да толмаған нәресте. Оқиға орнындағы жедел-тергеу тобы жұмыс істеп жатыр. Алайда, Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі тергеу амалдарына байланысты ешқандай ақпарат бермейтіндігін хабарлады. Дегенмен, құзырлы орган өкілдерінің алдын-ала жасаған тұжырымына сәйкес, қанды қол қылмыс қасақана жасалған болуы мүмкін. Аудандық прокуратураның мәліметінше, жантүршігерлік оқиға сотқа дейінгі тергеу реестріне тіркелген. Қылмыстық кодекстің 99 бабы, яғни «адам өлтіру» бабы бойынша іс қозғалып, тиісті сараптамалар тағайындалған.