Бүгін Астанадағы Қазақ технология және бизнес университеті студенттеріне «Аманат» фильмі көрсетілді. Фильмде қазақтың соңғы ханы Кенесары хан мен кейіпкердің өміріне зерттеу жүргізген тарихшы Ермұхан Бекмаханов өмір жолы баяндалған. Киноның мақсаты-ер есімін дәріптеп қана қоймай, жастардың потриоттық сезімдерін ояту. Аталмыш шара «Нұр Отан» партиясы Астана қалалық филиалы және «Кенесары хан сарбаздары»деп аталатын жастар клубының ұйымдастыруымен өткізілді.
Ерлан АХМЕДИ, «НҰР ОТАН» ПАРТИЯСЫ АҚФ САЯСИ БӨЛІМІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ:
Өздеріңіз білесіздер, Елбасы өзі айтқандай, тарихын білмеген халық ешқашан болашаққа сенімділікпен үмітпен қарай алмайды. Сондықтан, тарихқа негіздеп, осындай отансүйгіштікті, потриоттықты тәрбиелеу деген ниетпен біз осындай іс-шараларды ұйымдастырып жатырмыз.
Аманат фильмінің алғашқы көрсетілімі 2016 жылы өткен. Кинокартина сондай-ақ, халықаралық «Оскар» аталымына ұсынылған.