Ақтауда «іріңді менингит» диагнозы қойылған сарбазбен қарым-қатынаста болған әскерилерден де ауру белгілері анықталған жоқ. Бұл туралы Маңғыстау облыстық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің жетекшісі айтты. Дәрігерлер 6656 әскери бөліміндегі 327 әскериден дереу сынама алған. Бүгін дайын болған қорытынды ауруды теріске шығарған. Мамандардың айтуынша, «іріңді менингит» жұқпайды. Ең қауіптісі ауамен тарайтын «менингококк» инфекциясы деп отыр. Ал, ауруханаға жатқызылған 12 сарбаздан тұмау анықталса керек.
Бекмұрат ӨТЕСІНОВ, МАҢҒЫСТАУ ОБЛЫСЫ ҚОҒАМДЫҚ ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ ЖЕТЕКШІСІ:
12 сарбаз «ОРВИ»-мен түскен. 1-2 күн ішінде шығарамыз деді. «Менингококк» инфекциясы жоқ болса қалай адамдарға жұғады? Сондықтан, «менингококк» инфециясы жоқ деп есептеледі. Басқа аурулар болуы мүмкін.
6656 әскери бөлімінің жауынгері 28 қыркүйек күін өзін жайсыз сезінген. Алайда, дәрігерлер оны басқа диагнозбен емдеген көрінеді. 30-шы қыркүйекте ол ауруханаға түскен. Қазір жансақтау бөлімінде ес-түссіз жатыр. Дәрігерлер оны аман алып қалу үшін қолдан келгеннің барлығын жасап жатырмыз деді.
Г. Меңдеева