Русский Сайттың толық нұсқасы

Азаматтық қоғамды дамыту жөнінде жаңа тұжырымдама әзірленуде

  • AstanaTV
  • 04 қазан 2018
  • 3143

Азаматтық қоғамды дамыту жөніндегі жаңа тұжырымдама жаңа жобаларға жол ашады. Қазақстанның азаматтық альянсы басшысы Асылбек Қожаxметовтің айтуынша, жиынның негізгі мақсаты да осы. Құжат 2019 бен 2025 жыл аралығында іске асырылмақ. Бұған дейінгі тұжырымдаманың мерзімі 2011 жылы аяқталған. Құжатта Үкіметтік емес ұйым мен мемлекет арасындағы байланысты нығайту және азаматтардың мәселелерін шешу жайттары ескерілген. Онда үкіметтік емес ұйымдардың санын арттыру, донорлық көмекті алуға қатысты ұстанымдары өзгерту секілді негізгі бағыттар қарастырылған.  

Асылбек ҚОЖАХМЕТОВ, ҚАЗАҚСТАННЫҢ АЗАМАТТЫҚ АЛЬЯНСЫНЫҢ БАСШЫСЫ:  

Ең біріншіден жаңа министр келгенен кейін Үкіметтің көзқарасы өзгерді деп ойлаймын. Алда Азаматтық Форум өткізіледі. Соған көп дайындық болып жатыр. Жаңа концепция шығару керек. Ол жерде азаматтық қоғамның мәселелері бірінші орынға шығуы керек.

Айгүл СОЛОВЬЕВА, ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ҰЙЫМДАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: 

Мемлекет қоғамдық ұйымдарға тиісті қаражат бөлуде. Оның жалпы соммасы 20 млрд теңгеден астам.Үкіметтік емес ұйымдар үлкен соммада алады,егер қоғамдық бақылау мониторинг жұргізген кезде ҮЕҰ 2017 жылы 2 пайызды ғана игерген. Ал, 2018 жылы ол 27 пайызды құраған. Бұдан түйгеніміз ешбір мемлекеттік органдар ҮЕҰ тапсырыстар бермейді. Барлығын шағын қауымдастықтар атқарады. Осы орайда біз біраз жұмыстар істеуіміз керек. Осы орайда министрліктер біздің бағытты енді түсініп жатыр.  

Айта кетейік, ағымдағы жылдың соңында VIII Азаматтық форумы өтеді. Сол жерде тұжырымдаманың жаңа нұсқасы таныстырылатын болады.