Қазақстан экспорттық әлуетін ұлғайтып және барынша жеңілдету үшін 5 бірдей мемлекетпен «стандарттарды үйлестіру» туралы келісім жасасты. Бұл туралы бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігінің мамандары айтты. Бұл жұмыстар қос тараппен бірлесіп, 2-3 жыл бойы жүргізген келіссөздер жемісі. Бұл хаттама шығарылған өнім немесе ет өнімдерін сақтап, таңбалап және сататын кәсіпорындармен ветеринарлық-санитарлық талаптардың орындалуына бағытталған. Мұнан өзге қазақстандық қой еті үшін Иран нарығының ашылуы, қазақ тауарының мұнан әрмен БАӘ, Сауд Арабиясы, Кувейт, Катар елдеріне экспорттауға мүмкіндік береді. Сонымен қатар Израиль, Араб Әмірлігі елдерінің құзырлы орындарымен де стандарттарды үйлестіру туралы келісімдер жасалып жатыр.
Гүлжан Нұртазина, ҚР АШМ ветеринариялық және фитосанитарлық қауіпсіздік департаментінің басшысы:
Егер біз өз өнімдерімізді Қытайға шығаратын болсақ, біз Қытай сертификатын беруіміз керек. Ал, оның ішінде қандай талаптар орындалу керек, сол жазылып тұрады. Сондықтан да қазір келіссөздер жүріп жатыр. Негізгі мақсаты - онда қандай талаптар бар, біз оны қалай орындаймыз және соны орындадық дегенге ҚР ветеринариялық қызметі немесе фитосанитарлық қызметі қол қойып береді.