Русский Сайттың толық нұсқасы

Шымкенттен екі адам Парламенттің Сенат депуттатығына өтті

  • AstanaTV
  • 05 қазан 2018
  • 3918

Шымкентте бүгін Парламент Сенатының депутаттарын сайлау өтті. Республикалық маңызға ие болған жаңа шаһарға сенаторлыққа қосымша тағы 2 орын берілген. Оған мегаполистен алты үміткер тіркеліпті. Оның екеуі қалалық мәслихаттың атынан бақ сынаса, өзгелері өзін-өзі ұсынғандар. Бұған дейін сайлауға 8 үміткер қатысуға ниетті екенін хабарлаған болатынбыз. Оның екеуі отбасылық жағдайына байланысты өз еркімен бас тартқан. Сайлауға 29 таңдаушының 26-сы қатысып, дауыс берді. Басым дауыспен қалалық мәслихаттың хатшысы Нұрлан Бекназаров пен Шымкенттің экс-әкімі Дархан Сатыбалды жеңіске жетті.  

Марс ЕЛЕКЕЕВ, ШЫМКЕНТ ҚАЛАЛЫҚ САЙЛАУ КОМИССИЯСЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ:  

2014 жылғы 1-қазандағы өкілеттік мерзім бойынша 21 дауыспен Сатыбалды Дархан Амангелдіұлы өтті. Екінші өкілеттік 2017 жылы 28-маусымдағы өкілеттік бойынша Бекназаров Нұрлан Құдиярұлы 22 дауыспен жеңіске жетті. Енді біз осы хаттаманы рәсімдеп бітіріп, орталық сайлау комиссиясына жіберетін боламыз. 

А. Төребекқызы